Билл Гейтс: Адамдар үйінен шығуға қорқатын болады

Билл Гейтс: Адамдар үйінен шығуға қорқатын болады

ашық дереккөзі

 width= Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы он жылдықта әлемді коронавирус індетінен де қауіпті апаттың күтіп тұрғанын болжады.

«Әлемдік дағдарыс әлем елдерін қиын жағдайға әкелді. Адамдар қисапсыз көз жұмып, өз үйлерінен шығуға секемденіп отыр. Экономикалық жағдай нашарлауда. Әрине мен Covid-19 жайлы айтып отырмын. Алайда ондаған жыл өткен соң, бұдан да қиын жағдай орын алады. Ол климаттың өзгеруі. Пандемия қаншалықты қауіпті болса да, климаттың өзгеруі тіпті апатты болмақ», - деді миллиардер.
Оның ойынша адамзат қазірден бірігіп, бір мақсатта жұмыс істесе, климаттың өзгеруін тоқтатуға болады. «Ең бастысы ауаға қауіпті газдардың зауыттар мен өндіріс ошақтарынан тым көп бөлінуін тежеу болып табылады», - деді Билл.
«Сарапшылар биыл ауаға қауіпті газдардың бөлінуі 8 пайызға азаятынын айтып отыр. Бұл дегеніміз 51 млрд тонна емес, 47 млрд тонна газ ауаға бөлінеді деген сөз. Газдың аз бөлінуі коронавирус салдарынан жасалған шектеулерге байланысты. Егер климаттың ластануын тоқтатпасақ, бірнеше он жылдықтан кейін адамдар үйден шығудан қорқатын болады. Экологияның жағдайы сондай болмақ», - деді ол.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...