Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сенат депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан 5 байқаушы аккредиттелді

Сенат депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан 5 байқаушы аккредиттелді

Сенат депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан 5 байқаушы аккредиттелді
ашық дереккөзі

7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

2020 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды: 1) "2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы". 2) "2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы". ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде халықаралық байқау институты ашылғанын еске салды. Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова "2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы" баяндама жасады. "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сайлау заңнамасына сәйкес 6 тамызда сағат 18.00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны аясында Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы ұсынысы бойынша ҚР ОСК Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушыны аккредиттеді: Әзірбайжан Елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінің бір-бірден өкілі, - делінген хабарламада.
Осы мәселені қарау аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев сөз сөйледі. Сыртқы істер министрлігі ҚР Сенатына сайлауды байқау үшін шақыру-хаттар мен тиісті ноталар келесі халықаралық ұйымдарға жіберілгенін хабарлады: ТМД, ТМД ПАМ, ТМЫК, ТүркПА және ШЫҰ. Ержан Ашықбаев ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде байқай алатынын атап өтті. Отырыстың екінші мәселесі аясында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев биылғы жылдың 9 тамызында Беларусь Республикасы Президентінің кезекті сайлауы өтетінін хабарлады. Осыған байланысты ҚР ОСК отырысында "2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы" мәселе шығарылды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қазақстан Республикасынан 5 байқаушының кандидатурасы бекітілді, олар 9 тамызда Белоруссиядағы сайлауды байқауға қатысады.