Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

Мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

Мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан әкімдігі қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. «Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым», - деп жазды Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында. Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Алдағы жылдарға арналған дайындық жұмыстары да басталды.