Қазақстандағы интернет жылдамдығы Ресейдікінен баяу, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі 24.kz- ке сілтеме жасап.
«СпиидТест-Индекстің» рейтингі бойынша интернет жылдамдығы жөнінен Қазақстан Қырғызстан мен Армениядан алда, бірақ Ресей мен Беларусь Республикасынан кейін тұр. Елде интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 17,5 млн-ға жетеді.
Оның ішінде 15 млн абонент ғаламторға ұялы байланыс арқылы кіреді.
Осылайша, былтырғы кезеңмен салыстырғанда интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 2,3 процентке өскен.