Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Шомылып жүрген әйелдің қолы мен басы жұлынып кеткен» – депутаттың ұлы күдікке ілініп отыр

«Шомылып жүрген әйелдің қолы мен басы жұлынып кеткен» – депутаттың ұлы күдікке ілініп отыр

«Шомылып жүрген әйелдің қолы мен басы жұлынып кеткен» – депутаттың ұлы күдікке ілініп отыр
ашық дереккөзі

Депутаттың ұлына адам өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оралда мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы ұсталды. Оған «Шаған өзенінде шомылып жүрген әйелді моторлы қайықпен қағып кетті» деген айып тағылып отыр. Оқиға осыдан екі ай бұрын болған. Жігіттің қамауға алынғанын күдіктінің әкесі, қалалық мәслихат депутаты әрі бизнесмен Валерий Крылов растады. Бірақ ол ұлының «сүттен ақ, судан таза» екеніне сенімді. «Қанды оқиғаға еш қатысы жоқ» деп отыр. Телеарнаның хабарлауынша, маусымның алтысы күні 40 жастағы Екатерина Ананьева суға шомылуға барады. Өзен ортасында қатты жылдамдықпен келген моторлы қайық оны қағып кеткен. Марқұмның денесін судан шығарғанда басы мен бір қолын мотордың қалақшасы жұлып кеткені белгілі болды. Тергеу кезінде сол маңдағы тұрғындардың қайықтары тексеріліп, сараптама жүргізілді. Бірақ оның қортындысын тәртіп сақшылары әлі жарияламай отыр.