Нұр-Сұлтанда заңсыз героин сатқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда заңсыз героин сатқан ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Бұрын сотталған азамат ұсталып, 10-нан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Бұрын бірнеше рет сотталған 48 жастағы азамат есірткі сатқаны үшін ұсталды. Жеке тінту кезінде аса ірі мөлшерде «героин» табылды, бұл есірткіні қолдануға арналған 10 дозадан асады. Ер адам сонымен бірге табылған есірткіні елорда аумағында сатпақ болған. Аталған факті бойынша, бапқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 297-бабы: Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату, жөнелту немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау",- делінген ДП баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша айыпталушыларды анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде.

Жүктелуде...