Имам сотталғандармен онлайн-сұхбат өткізді

Имам сотталғандармен онлайн-сұхбат өткізді

ашық дереккөзі

 width= ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде тәрбие бөлімінің теологиялық оңалту қызметкерлері мен жедел бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арнап, Өскемен қаласының Халифа Алтай мешітінің Наиб имамы Арман Домантаевтың “Skype” интернеттік желісі арқылы онлайн сұхбат өткізді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Сұхбаттың негізгі мақсаты – деструктивті діни ағымдардың алдын алу.

– Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Алдымен “деструктив” ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен “destructio”, яғни “бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік” деген мағыналарды білдіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты  – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы, – деп айтып өтті сұхбатта мешіттің наиб имамы.

Жүктелуде...