weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда

Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда

Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда
ашық дереккөзі
  Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Мәдени астана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр. Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн. Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі - Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.