Қазақстанда көлік қызметкерлерінің күні
Жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ресми мәртебесі бар және 1998 жылғы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелер тізбесіне кіреді.
Достық күні
Азия (Үндістан, Непал, Бангладеш) және Оңтүстік Американың (атап айтқанда, Парагвайда) кей елдерінде тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
6 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1969 жылы Қазақ КСР "Неке және отбасы туралы" кодексі бекітілді;
2003 жылы Жамбыл облысында фосфор саласының кеншілеріне арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды;
2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарында жеңіл атлетика жарысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды;
2014 жылы Алтайдан археологиялық қазба жұмыстары кезінде шамамен VII ғасырда өмір сүрген 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды;