weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жасөспірімдер арасындағы жанжалдың кесірінен 16 жастағы бала пышақталды

Жасөспірімдер арасындағы жанжалдың кесірінен 16 жастағы бала пышақталды

Жасөспірімдер арасындағы жанжалдың кесірінен 16 жастағы бала пышақталды
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбе облысы Полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы қылмысты, жол-көлік оқиғаларын, балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәмелетке толмаған балаларды бақылау қажеттігі туралы ескертеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мысалы, 2020 жылдың 1 тамызында Қандыағаш қаласында жасөспірімдер арасындағы жанжал шығып, олардың біреуі пышақ жарақатын алды. 1 тамыз күні сағат 23:10-да Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түсті. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қылмыстың себептері анықталуда. Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауда ұстауды ескертеді. Ата-аналардың немқұрайлығы көбінесе кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себеп болып жатады.

"Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектептің бастапқы міндеті болып табылады. Әдетте, ерте жастан балалар қылмыстық әрекетке барып жатады, сондықтан қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын – алу жастармен байланыста болатын ата-аналар, мұғалімдер және полиция қызметкерлерінің міндеті", - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Бұдан басқа, ювеналды полиция инспекторлары алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу, сондай-ақ осы қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.