Ливан елінің Триполи қаласында тұрып жатқан қазақ студенті Шоқан Уәлиев өзімен бірге жүрген қазақстандық алты азаматтың жағдайы жақсы екенін жеткізді деп, хабарлайды байланысқа шыққан Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Ливанда тұрып жатқан студент:
«Бәрі жақсы. Біз Ливан елінде білім алып жатқан Қазақстандық азаматтармыз. Мұнда алты адамбыз. Біз жарылыс кезінде Бейрутте болмадық. Бізге әсері келген жоқ. Жарылыс болғаннан кейін біраз уақыттан кейін ғана ол туралы ақпарат оқыдық. Бізге жеткен дерек бойынша, қару-жарақ қоймасында өрт пайда болып, оның арты үлкен жарылысқа алып келген. Кейін бізге дипломатиялық миссия хабарласып, ешқайда шықпауымызды, ол қалаға бармауымызды өтінді. Әзірге білетін ақпаратымыз осы», - деп жауап берді Шоқан Уәлиев.
Айта кету керек, кеше Бейрутта жарылыс орын алып, Ливан астанасындағы үйлердің жартысынан көбі зардап шеккен. Ливандағы Қазақстан Елшілігі жарылыстан кейін бірден сол қалада және елде тұратын қазақстандық азаматтарға хабарласып, жағдайларын білген болатын.