Алматы-Үшарал рейсі ашылды

Алматы-Үшарал рейсі ашылды

ашық дереккөзі

 width= Осы жылдың 9 тамызынан бастап Алматы – Үшарал әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Әуе бағыты бір аптада екі рет қатынайды. Сәрсенбі және жексенбі күндері. Билет құны 12 мың теңгеден басталады, бірақ 14 жасқа дейінгі жолаушыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бұрын адамдар Үшаралдан пойызбен 15 сағат уақытын арнап келетін еді. Қазір ұшақпен бір сағатта жетеді. Алматы: 11:25 – Үшарал: 12:20 Үшарал: 09:50 – Алматы: 10:40 Қазір елдегі ахуалға байланысты, ұшпас бұрын жолаушылардың қызуы өлшенеді және масқа тағу міндетті.

Жүктелуде...