Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек !

Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек !

Депутат: Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек !
ашық дереккөзі
Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек! Осылай деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды.  Халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай,  дерттің алдын алуымыз екіталай дейді ол. Бірақ  бір апталық жұмысын жіпке тізіп, Асқар Маминге бүгін есеп берген Алексей Цойдың статистикасы көңілге үміт ұялатады. Дегенмен министр  вирустың таралуы бәсеңдемей жатқан бірқатар өңірде карантин шаралары қайта  күшейтілуі мүмкін деді. Сонымен эпид ахуал қай облыстарда дұрысталмай жатыр? Сондай-ақ, бетпердені тағуға қатысты заңға қандай өзгерістер енгізілді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, СНХ: АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Коронавирустық инфекция жағдайын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер». Осымен бір ойын сағызша созған бас дәрігер Цойдың қазақшы бітті. Әрі қарайғы мәлімдемесін министр ресми тілде жалғастырды. Соңғы тәулікте ковидтен тағы 33 отандасымыз келмеске кетіп, жұқпалы індетті жұқтырғандардың қызыл тізіміне жаңадан 1200-ге жуық адам қосылыпты. Дегенмен бір аптада вирустың таралуы бірден 18 пайызға төмендеген екен.    Алайда Қостанай мен Ақмола облыстарында ахуал әлі де мәз емес.  Премьер-министр Асқар Мамин аталған өңірлердің басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Бұл өңірлерде жағдай күрделі және әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аудару қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек». Сондай-ақ, Үкіметте халықты тығырыққа тіреген бетперде тағу мәселесі де көтерілді. Осыған дейін мың құбылған маскаға қатысты заң тағы өзгертіліпті.  Бұл жолы бас дәрігер бүй деді. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, СНХ:  АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «5 жасқа дейінгі балалар, жеке және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып топтық  спорттық жаттығулар жасап жатқан адамдар мен  маскаға қарсы медицициналық көрсеткіші бар азаматтарға бетперде тағу міндетті емес». Одан бөлек, көктемгі карантинде болған қарбаластың қайталанбауы үшін, Үкімет күзде күтілетін ковидтің екінші толқынына дайындықты қазірден бастапты. Жұмыс барысын Асқар Маминнің өзі бақылап жатыр. АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «126 мемлекетте ауру жұқтырғандар саны жаңа өсімін көрсетіп отыр. Пандемияның жаңа толқыны күзде болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Коронаның алдын-алу үшін барлық белгіленген талаптарды қамтамасыз етіп, жоспарларған шаралардың жүзеге асыруын қамтамасыз ету керек». Алайда,  Мамин бастаған  министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған депутат Нұржан Әлтаевтың айтары басқа. Дайындық өз алдына, бірақ  жауапты ведомстволарда әуелі жемқорлық тыйылмай, елдегі вирустың таралуы тарылмайды дейді халық қалаулысы.   Мәжілісмен вируспен күреске деп бөлінген миллиардтардың  дұрыс жаратылмай жатқанына қапалы. НҰРЖАН ӘЛТАЕВ  НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ең біріншіден бұл жерде мынау коронавирус емес, ең басты проблемалардың салдары ол- жемқорлық! Жемқорлықтың кең таралғаны. Сол жемқорлықты жеңбей, осы біздің мемлекеттік басқару жүйелерін өзгертпей, ешқандай нәтиже болмайды деп  санаймын». Қалай болғанда да,  Үкімет резервінен денсаулық сақтау минисрлігіне қосымша ПТР тесттерді алу үшін тағы қаржы қарастырылып отыр.  Алайда атқарушы билік оған нақты қанша қаражат бөлінетіні жайлы  сол күйі тіс жармады.