Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Біз сабақ оқығымыз келеді»: Оқушылар Президенттен көмек сұрап, үндеу жасады

«Біз сабақ оқығымыз келеді»: Оқушылар Президенттен көмек сұрап, үндеу жасады

«Біз сабақ оқығымыз келеді»: Оқушылар Президенттен көмек сұрап, үндеу жасады
ашық дереккөзі
Біз сабақ оқығымыз келеді, сондықтан бізге интернет қосуды сұраймыз. Әлеуметтік желілерде «ауылда интернет жоқ!» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдаған оқушылардың бейнежазбасы тарап жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. Күтпеген жерден үндеу жасап, Қазнеттің жұлдызы болған бүлдіршіндер Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының мектеп оқушылары болып шыққан. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kaskelenkz тобында жарық көрді. Кадрдан бір топ баланың «интернет жоқ» деген плакат көтеріп, ештеңеден қысылмастан өз өтініштерін жеткізгенін көруге болады. «Біз ойын алаңын сұрамаймыз. Біз кедергісіз сабақ оқығымыз келеді. Сондықтан бізге ғаламтор қосып берулеріңізді сұраймыз», - деп атап өткен олар өз үндеулерінде. Роликті жариялаушылар хаттың Қаскелең қаласы, Сәукеле көшесінің кішкентай тұрғындарынан келгенін жеткізген. «Бұл видеоның астына қандайда бір сөз жазудың өзі артық сияқты... Қаскелең қаласы, Сәукеле көшесінің кішкентай тұрғындарынан келген хат. Болашағымыз - осы балалар! Ал олардың болашағы жарқын болуы үшін алаңсыз білім алуына жағдай жасау - үлкендердің міндеті. Ал егер айдан аз уақыт қалған қыркүйекке дейін бұл мәселе шешілмесе - жергілікті әкімдерге сын», - деп жазылған ол жерде. Сонымен қатар, @tokayev_online және @berikuali секілді қолданушыларды белгілеп, #дети21века #родинаелбасы #онлайнучеба хештегін қойған. Инстаграм желісінің қолданушылары да балаларды қолдап, Қаскелең қаласының расында да интернетке зәру болып отырғанын жазған.