Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бейруттағы жарылыс: Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды

Бейруттағы жарылыс: Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды

Бейруттағы жарылыс: Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды
ашық дереккөзі
 width= Бейруттағы теңіз портындағы күшті жарылыстардың салдарынан Ливандағы Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ливандағы қазақстандық дипломаттардың айтуынша, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Бейрутта теңіз портының базасында бірнеше қуатты жарылыс болды. Жақын орналасқан үйлер, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттар да зардап шеккен.
«Жергілікті биліктің алдын-ала мәліметтері бойынша теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылды. Жарылыс толқынының әсерінен Қазақстан Республикасының Ливандағы дипломатиялық өкілдігінің үй-жайларына зиян келді », - делінген ҚР СІМ Телеграмм арнасында.
Жергілікті губернатордың айтуынша, жарылыс қаланың жартысына әсер еткен. Ливан Қызыл Крестінің басшысы көптеген жаралылардың үйлеріне қамалғанын айтады. Жүздеген жәбірленушілер ауруханаларға жеткізілді. Ливанда  5 тамыз аза тұту күні боп жарияланды. https://www.youtube.com/watch?v=n7zy3wefzzw&feature=youtu.be