Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілді

Шымкентте жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілді

Шымкентте жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
 width= Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында басталған орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 7 шақырымнан асатын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінде әрбір атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарын қала әкімі Мұрат Әйтенов қатаң бақылауға алған. Пайдалануға берілген көшелерді атап айтар болсақ: - Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы Фурхат, Атой 1,2,3 көшесіне мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр. - Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы Желтоқсан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі жүргізді. Ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр. - Қаратау ауданы, Бозарық тұрғын алабы Ұста Мұхаммед көшесінен басталатын атауы жоқ көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы 1,1 шақырым, ені 5 метр. - Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы Қарасу көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Таған» ЖШС-гі толығымен аяқтады. Көшенің ұзындығы 2,5 шақырым, ені 5 метр. Жалпы, биыл Шымкентте 240 нысан, 314,7 шақырым жол, 7 көпір, 1 жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі.