Қала тұрғындары орталықтандырылған, тегін 109 нөмірі арқылы дін саласына қатысты сұрақтар мен ұсыныстарын айтып, елорданың діни бірлестіктері мен діни ғимараттары, діни мерекелер туралы ақпарат ала алады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда сенім телефоны арқылы жоғары дәрежедегі теолог, дінтанушы және психолог мамандардың көмегіне жүгіне алады.Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша дін саласы бойынша құқықбұзушылық фактілері және т.б. сұрақтармен хабарласуға болады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы барлық байланыс орталығын біріктіріп, қала тұрғындарына ақпаратты жедел жеткізетін бірден-бір орталық, - делінген таратылған ақпаратта.