Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстанның ішкі саясатына араласпайды

ДДСҰ Қазақстанның ішкі саясатына араласпайды

ДДСҰ Қазақстанның ішкі саясатына араласпайды
ашық дереккөзі
 width= Коронавирустық инфекция мен пневмонияға шалдыққан науқастардың статистикасы 1 тамыздан бастап біріктірілді. ПЦР тест теріс нәтиже көрсеткеніне қарамастан, жалпы статистикаға қосылған пневмонияның жайы жөнінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында айтып берді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қазақстан өзінің статистикасын жария етіп, теріс нәтижелерінің бәрін коронавирусқа қосып жатырмыз деп жариялап отыр ашық түрде! Денсаулық сақтау ұйымының уәкілі сөйледі. Ол кісілердің айтуынша, әрбір ел біздің кеңесімізді қабылдайды ма, қабылдамайды ма – өздері шешеді. Олар сіздердің ішкі саясаттарыңыз, талғамдарыңыз деді! Қазір көптеген елдерде қалай қабылданып жатқанын білмейміз. Бірақ соның ішінде, Қазақстан сол алғашқы елдердің бірі болып, осы коронавирустық инфекцияның статистикасын жаңартты», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.