Түркістан облысында әйел өзінің танысымен жанжалдасып, оның күйеуінің көлігіне зақым келтірді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Созақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын сағат 13.00-де үйіне таныстарының келіп, жанжал кезінде келген әйелдердің бірі күйеуінің автокөлігін зақымдағанын айтып арызданған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
"Созақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында әйелдің жәбірленушімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан, көліктің әйнегін сындырып тастағаны анықталды", - делінген ақпаратта.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Әйел кепілге шығарылды.