Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанның алты өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%. Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  zakon.kz. порталына сілтеме жасап. Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы күтіледі. Жел солтүстіктен батысқа қарай ойысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде 4 тамызда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан қатты жел соғады. 4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан қатты жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20-23 метрді құрауы ықтимал. Күндіз 4-5 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 4-5 тамызда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында 4 тамызда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 4 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады, желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында 4 тамыз күндіз қатты ыстық болады: 35-36 градус шамасында. Солтүстік-шығыстан жел соғады: екпіні - 15-20 м/с. Петропавл қаласында 4 тамызда қатты ыстық болады деп күтіледі: 35 градус. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні - 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%.