«Ресеймен келіссөз жүргізу нәтиже бермейді. Курилді тек күшпен тартып алуға болады. Қиял әлемінде жүруді қою керек. Жапония ұлы әскерді қалпына келтіріп, халықты партиоттыққа тәрбиелеуі керек», «Бізге Ресеймен ешқандай да татулық қажет емес. Екінші дүниежүзілік соғыста немістермен бірге Ресейге шығыстан кірмегеніміз өкінішті. Америка оған көз жұма қарар еді. Біз Конституциядағы 9-бапты өзгертіп, қуатты ел болуға, атом қаруын иемденуге тиіспіз. Сонда Ресей де, күллі әлем де бізбен санасатын болады», «Абэ түк бітіре алмайды. Оны ауыстырып, Курилді тартып алу керек. Ресей экономикалық тұрғыдан әлсіз, бізге ештеңе істей алмайды» деген пікірлер жазған желі қолданушылары.
Асхат Қасенғали