Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирус туралы нақты 80 дерек

Коронавирус туралы нақты 80 дерек

Коронавирус туралы нақты 80 дерек
ашық дереккөзі
Коронавирус туралы ақпарат тым көп, дегенмен Covid-19 жайлы ең маңызды, шынайы деректі білеміз бе? Ендеше мына фактілерге көңіл бөліп, мұқият оқып шыққаныңыз жөн. Бұл  Covid-19 қауіпті вирус мәселесін терең және жан-жақты  түсінуге көмектеседі, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Факті - 1. Covid-19 және SARS-CoV-2 – бірдей вирус емес, Covid-19 – бұл ауру (D - 'disease' қысқартылған әрпі), жаңа коронавирустан туған.  SARS-CoV-2 – вирустың өзінің атауы. Факті - 2. CoV – CoronaVirus-тың қысқартылғаны, яғни коронавирус. Бұл вирустар тұқымдасының атауы (барлығы 40-қа жуық), тікендеріне қарап, күн тәжіне ұқсатады. Факті - 3. Коронавирустар – биологияның атын жалған пайдаланушылар. Оның тікенінің әр ұшы өтірік пайдалы заттегінің молекуласы болып көрінеді, сондықтан жасушалық рецепторлар оны қуана-қуана өзіне тартып алады, сөйтіп тікен кірген соң, оның ішіндегі вирустар да ішке енеді. Осылай вирус жұғады. Факті - 4. Термин "жаңа коронавирус" (novel немесе nCoV) нені білдіреді? Ол – бұрын ғылымға ғана емес, тіпті біздің жасушаларымызға да кездеспеген – таңсық!  Факті - 5. Эволюцияның 2 миллион жылында біздің иммундық жүйеміз белгілі инфекциялармен күресуді үйреніп алды, бірақ жаңа коронавирус абайсызда тап берді! Сол себепті оны жеңу де өте қиын, жұқтыру да оңай. Факті - 6. Вирус жасушаға түсе салысымен оны тырп еткізбей басқарып, өз көшірмесін үздіксіз шығара бастайды. Сөйтіп тізбекті реакция басталады. Нәтижесінде жасуша өліп, ал инфекцияның тасымалдаушысы жұқпалы болады.  Факті - 7. Инфекцияның бастапқы кезеңінде жаңа коронавирус тамақ жұтқыншақ, алқым) пен жоғарғы тыныс жолдарында белсенді көбейеді. Содан кейін инфекция төмен түсіп, өкпеге жетіп, оны қабындыра бастайды. Факті - 8. Сондықтан инфекцияның алғашқы белгісі - жөтел. Содан кейін ғана дене қызуы көтеріле бастайды.  Факті - 9. Немесе дене қызуы көтерілмейді. Уханьдағы науқастардың 30 пайызында ауруханаға келген кезде дене қызуы қалыпты мөлшерде болған. Факті - 10. Көптеген жұқтырған адамдарда (18% немесе әр бес адамның біреуі) тіпті жөтел болмаған. Коронавирус еш белгісіз жалғаса береді – науқас тіпті өзінің сырқат екенін сезбеуі мүмкін. Факті - 11. Мұндай белгісі жоқ науқастар инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып табылады және басқаларға жұқтыруы мүмкін. Факті - 12. Егер Сovid-19 жеңіл түрде өтсе, оның белгілері  кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас: құрғақ жөтел, дене қызуы, әлсіздік, кейде бұлшықет пен бас ауырады. Факті - 13. Ол әдеттегі тұмау сияқты үйде емделеді. Факт 14. Коронавирустың ең ерекше белгілерінің бірі - дәм немесе иіс сезімін жоғалту. Факті - 15. Бұл барлық жұқтырған адамдарда кездеспегенімен, ортақ белгісі болуы мүмкін. Факті - 16. Егер сіз кенеттен иіс сезбей немесе дәм татуды доғарсаңыз, байқаңыз, шара қолданыңыз. Факті  17. Есіңізде болсын: жаңа коронавирус тасымалдаушысы тіпті аурудың белгілері пайда болмай тұрып-ақ айналасындағы адамдарға өте қауіпті, өткені ол вирусын бірден жұқтырады . Факт 18. Жақсы жаңалық: қауіпті вирус қаншалықты табанда мұрттай ұшыратын жойқын болса, оның таралуы да соншалықты әлсіз. Қожайынын өлтірген соң, вирус басқаға жұға алмайды. Сондықтан вирустың мутацияға айналуы сирек. Факті - 19. Жағымсыз жаңалық: SARS-CoV-2 – басқа санаттан. Бұл вирус қожайынын ауру таратушы етеді, бірақ ол бірден білінбейді немесе мүлдем сездірмейді, сондықтан тасымалдаушы тағы бірнеше адамға жұқтырып үлгереді. Факті - 20. Орташа алғанда, жаңа коронавирустың әр тасымалдаушысы 2-4 сау адамға жұқтырады. Бұл сан маусымдық тұмауға (1,3) қарағанда жоғары, бірақ қызылшаға (12+) қарағанда төмен. Факті - 21. Кез келген инфекция сияқты, SARS-CoV-2 коронавирусында суперспреддер деп аталатын - тасымалдаушылары жүздеген, тіпті мыңдаған адамға жұғады. Факті - 22. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 30-ға жеткенде ғана ұстап оны қадағалап, ұстап қала алды. Бірақ «Науқас 31» деген кодпен аталған әйел бірден 1200 адамға жұқтырған.  Факті - 23. Ол әйелдің өте діндар екені және жөтелі мен дене қызуына қарамастан, корей билігінің бұйрығын елемей, шіркеуге баруын доғармаған. Факті - 24. Сөйтіп, 10 күн ішінде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 30-дан 5000-ға дейін өскен. Факті - 25. Covid-19-дан өлгендердің санын нақты есептеу өте қиын, бірақ көптеген зерттеулер оны 1-3% деңгейінде бағалайды. Факті - 26. Бұл маусымдық тұмаумен салыстырғанда шамамен 20 есе жоғары, бірақ ол тіпті SARS (10%) және MERS (25%) коронавирусының алдыңғы ізашарына жете алмайды.  Факті - 27. Covid-19-дан болатын өлім денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалық пен көмек көрсету жылдамдығына байланысты: егер Германияда ол тек 0,3% болса, Италияда  9%.  Факті - 28. 70 жастан асқандар тобында өлім-жітім 5% -дан асады, ал 80 жастан асқандардың оннан бірі вирустан өледі. Факті - 29. Тап сол себепті қазір бүкіл әлемдегі биліктің басты міндеті - көп адамдар бір мезетте Covid-19-бен ауырып қалмау үшін эпидемияны барынша ұзақ мерзімге ұзарту.  Факті - 30. Пандемия жедел дамып жатыр: алғашқы диагноз қою мен 100 мың науқастың анықталуына, мысалы, 67 күн өтті десек, екінші 100 мың адам 11 күнде, үшіншісі төрт күнде ауырды.  Факті - 31. Күн сайын вирус жұқтырғандардың саны үштен бірге артуда. Факт 32. Пандемия әлемнің ең түкпірдегі шалғай аймақтарына, соның ішінде әйгілі Пасха аралына да жетті, онда 24 наурыз алғашқы науқас – 42 жастағы ер адам ресми түрде расталды. Факті - 33. Сарапшылар былай деп ескертеді: әр адам өзін алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындауы керек: вирус жұқтырғандардың саны ондаған миллионға, ал өлген адамдар жүздеген мыңға жетуі мүмкін. Факті - 34. SARS-CoV-2 қайдан шыққаны нақты әлі белгісіз, бірақ осыған ұқсас вирустарды кесерткі тәрізді аңдар мен жарғанаттар тасымалдайды. Факт 35. Сірә, вирус мутацияланып, басқа жануарға берілген, одан адамға жұққан. Факті - 36. Вирус бірінші ауру боп жұққан кезде адамға қауіпті болды ма? Әлде ол мутацияға ұшырап, біздің жасушаларымызға кіруді үйреніп алды ма? Ғалымдар бұл сұрақтарға әлі жауап таба алмай отыр. Факті - 37. Егер вирус адамдармен байланысқа түскен кезде бұрыннан қауіпті болса, бұл ол әлі де жануарлар әлемінде шарлап жүре алады және ерте ме, кеш пе, адамдарға қайтадан жұғады дегенді білдіреді. Факті - 38. Сол себепті Уханьда вирус тарала бастағанда-ақ жабайы аң-құс сататын баразарларды  ең бірінші кезекте жапқан. Факті - 39. Айтпақшы, бұл Қытайдағы қалыптасқан шара - жаңа инфекция күдігі туа сала, базарларды жауып, карантин егізеді. Аталмыш іс-шараның тиімділігі айдан-анық, бірақ бұл жолы тым кеш еді: ауру белгісі білінбейтін вирус «халыққа» араласып кетті. Факті - 40. Вирус биологиялық зертханадан қашып кеткен жоқ, бірақ бұған ешкімнің сенгісі келмейді. Факті - 41. Коронавирустың жасанды шығу тегі туралы әңгімені әр елдің ғалымдары бірден мұқият тексеріп, оны жөнсіз деп тапты. Факті - 42. «Біздің талдауымыз SARS-CoV-2 зертханада жасалмағанын және белгілі бір мақсатта әдейілеп жасалмаған вирус екенін толық дәлелдеді», - деп жазды зерттеушілер Nature журналында. Факті - 43. Тағы бір желдей ескен алып-қашпа әңгіме: хирургиялық маскалар коронавирустан құтқара алмайды. Вирустың бөлшектерінің соншалықты кішкентай болатыны сонша, ол масқаның тесігінен оп-оңай өтіп кетеді. Факті - 44. Вирустың мөлшерін елестетіп көріңіз: иненің ұшына 100 миллионға жуық оның көшірмесін оңай орналастыруға болады. Факті - 45. Вирус жұқтырған науқас жөтелгенде, ауаға оның титтей сілекей тамшылары шашырайды, олардың әрқайсысында миллиардтаған (!) вирус бөлшектер болуы мүмкін. Факті - 46. Айналасындағы адамдарға жұқтырмайын деген адам масқа киюі тиіс, әрине, ол 100% қорғай алмаса да, басқаларға үлкен қауіп төндірмейді. Факті - 47. Қанша айтылып жатса да, үй жануарлары коронавирус тарата алмайды. Өйткені ит немесе мысықтың адамға вирус жұқтыру оқиғасы күні-бүгінге дейін тіркелген жоқ. Факті - 48. Есесіне, вирусты тірі жан жоқ бөлмеден жұқтыруға болады. Қалай? Өйткені сіздің алдыңызда бұл бөлмеде вирус жұқтырған адам болуы әбден мүмкін. Факті - 49. Ауада да коронавирус өміршең, ол үш сағат бойы сақталады, яғни сау адамдарға осы уақытта жұғып үлгереді. Факті - 50. Пластик және болаттан жасалған заттарда SARS-CoV-2 үш күнге дейін, қағаз бен картонда – бір тәулікке дейін, мыста - төрт сағатқа дейін сақталады. Факт 51. Сондықтан алдын алудың негізгі және ең сенімді құралы - үйден тыс жерлерге тигеннен кейін қолды жақсылап сабындап жуу. Факті - 52. Сіз бұл видеода қолды қалай мұқият жуу керегін көре аласыз, бұл сіз ойлағандай қарапайым емес. Факті - 53. Егер қасыңызда қолжуғыш болмаса, онда антисептикалық гельді қолданыңыз. Дегенмен қол жуған дұрыс. Факті - 54. Егер үйде ішетін немесе техникалық спирт болса, антисептикті үйде жасауға болады. Факті - 55. Тіпті болмаса, дезинфекцияға мирамистин немесе хлоргексидин жарайды - екеуі де бактерияларды ғана емес, вирустарды да жояды. Факті - 56. Антибиотиктер коронавирусқа қарсы күресе алмайды. Басқа кез келген аирусқа да, оның ішінде тұмауға да, герпеске де. Факті- 57. Covid-19 вакцинасы немесе оның тиімді емі табылғанша, бүкіл әлемдегі карантин және басқа шектеу шаралары (қысқа үзілістермен) жалғасуы мүмкін. Факт 58. Қазіргі коронавирус вакцинасы бір - бір жарым жылдан ертерек шығарыла қоймайды, 2021 жылдың ортасына қарай жарық көруі мүмкін. Бұл мерзімге дейін вирус қаупі бар адамдардың көпшілігі ауырып тұруы мүмкін.  Факті - 59. Мүмкін вакцина мүлдем шықпауы, оны шығара алмауы мүмкін. Бүкіл әлем 35 жылдан бері АИТВ-ға (ВИЧ) қарсы вакцина жасауға тырысып келеді, бірақ әлі нәтиже жоқ. Дегенмен АИТВ-дің алдын алуға дәрі-дәрмектер әзірленген. Факті - 60. SARS-CoV-2-ден нақты терапия әлі жоқ. Инфекция жұқтырған адамдарға тек симптоматикалық тұрғыдан емдеп жатыр, яғни олар аурудың өзімен емес, оның көріністерімен күреседі. Факті - 61. Covid-19 расталған 100 мыңнан астам адам аман-есен жазылып шықты. Факті - 62. Науқастардың көпшілігі (80% -дан астам) медициналық көмекке мүлдем мұқтаж емес. Олар үйде тұмаудың қарапайым емдеу әдістерімен емделіп, әдеттегідей бір аптадан кейін қалпына келеді. Факті - 63. Шамамен бес немесе алты науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігі туады, олар негізінен егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар. Факті - 64. Ауыр жағдайларда (шамамен 4%) науқасты өкпені жасанды желдету аппаратына қосу қажет. Егер ауру адам көп болса, аппарат жеткіліксіз болады. Кейбір автомобиль компаниялары аталмыш аппаратты шығаруға көшті. Факті - 65. Тап осы факті Италиядағы жоғары өлімнің негізгі себептерінің бірі болды. Егде жастағы науқастардың көптігі, ауруханаларға түскен шамадан тыс жүктеме, соның салдарынан медқызметкерлердің әлсіреуі және жабдықтардың жетіспеуі. Факті - 66. Covid-19 ауруынан 10300 италиялық жазылса, 8000-нан астам өлді. Тағы 62 мың адам әлі ауырып жатыр. (Бұл 27 наурыздағы мәлімет). Факті - 67. Сонымен қатар вирустың емін жанталасып іздеп жатыр. Жаңа препарат ойлап шығаруға уақыт жоқ. Өйткені дәрігерлер қолда бар вирусқа қарсы препараттарды тексеруде, олар SARS-CoV-2-мен күресте қаншалықты тиімді? Факті - 68. Ақпан айында Қытай дәрігерлері хлорохиннің аталмыш вируспен жақсы күресе алатынын байқады, ол препарат безгектің алдын алуға және емдеуге арналған. Содан бері  бірнеше зерттеу оның Covid-19-ды күресте тиімділігін дәлелдеді. Факті - 69. Ал басқа үміт артқан екі дәрі - бұл әдетте АИТВ-пен ауыратындарды емдеуге  қолданылатын лопинавир және Эбола безгегі мен Марбург вирусын емдеуге жасалған ремдесивир. Әзірге екеуі де сынақтан сәтті өтуде. Факті - 70. Жапонияда тұмау емдейтін танымал дәрі - авиган (фавипиравир) вирусқа қарсы күреске үлкен үміт беріп отыр. Ол РНҚ вирустарымен күресуге арнайы жасалған. Факті - 71. Уханьда жүргізілген сынақтарда коронавирус жұқтырып, авиганды қабылдаған науқастар орташа есеппен төрт күнде жазылған. Факті - 72. Қытайдағы барлық дерлік науқастарға әдеттегі дәрі-дәрмектермен қатар, дәстүрлі қытай медицинасы (ДҚМ) тағайындалған. Факті - 73. ДҚМ бойынша емдеу Гуанчжоудағы 8-ші халық ауруханасында жүргізілді, оны Гуандун провинциясының ғылым және технология министрлігі мойындап, аймақтық билік ресми мақұлдаған. Факті - 74. Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Covid-19 науқастарын негізгі терапиямен қатар  Цинфей Паиду (Qingfei Paidu) дәрісімен емдеу өте тиімді. Факті - 75. Бұл дәстүрлі дәрі дәрілік шөптер мен басқа өсімдіктердің негізінде жасалады, оның құрамына қытай қылқан жапырақты және мия тамыры кіреді, дегенмен оның рецептерінің түрі өте көп. Факті - 76. Кейде Covid-19 ауыр науқастарын құтқару үшін оларға - вирусқа қарсы антидене - жазылып кеткен адамдардың қан плазмасын құюға тырысады. Бұл тәжірибе SARS, MERS және Эбола вирусының таралуы кезінде қолданылып, оны ДДҰ ресми ұсынған. Факті - 77. Түшкіру - коронавирустың белгісі емес. Жөтел – белгісі, ал түшкіру - жоқ. Факті - 78. SARS-CoV-2 мутациясын жалғастыруда.  Желтоқсаннан наурызға дейін вирустың ке йбір нұсқалары геномын 14 рет өзгертті! Факті - 79. Жалпы алғанда, вирустың шамалы айырмашылығы бар генетикалық модификациясы қазір 1200-ден асты. Факті - 80.  Санкт-Петербор тұмау институтының ғалымдары зерттеген вирустың «орысша нұсқасы» генетикалық тұрғыдан еуропалық түрінеижақын болып шыққан. Сол себепті аталмыш инфекция Ресейге Қытайдан емес, Еуропа арқылы  келгені туралы болжамды растайды. Ал Қазақстандағы тап қазіргі статистика көңіл көншітпейді, аймақтардағы ахуал да жақсы деуге келмес, дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі барын салып күресуде. Ал біз - карантин тәртібін сақтап, антисептик құралдарын қолданып, Үкімет талаптарын бұлжытпай орындауымыз керек.