Төл құжатыңыз болмаса темекі де, ішімдік те ала алмайсыз

Төл құжатыңыз болмаса темекі де, ішімдік те ала алмайсыз

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанда алкоголь және темекі сату ережелері өзгерді. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодексте көрсетілегендей, сатушы барлық азаматтардан жас ерекшелігіне қарамай жеке басын куәландыратын құжат талап етуге міндетті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті»,- деп көрсетілген кодекстің 110-бабында.
Сондай-ақ, осы баптың 18-тармағында көрсетілгендей, бұл ереже алкоголь өнімдеріне де қатысты. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға, он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына, темекі бұйымының ашық қораптарынан немесе темекі бұйымдарын даналап сатуға, сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатуға тыйым салынған. Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 шілдеден темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып, сатуға тыйым салынады. Бұл туралы 110-баптың 2-тармағы 16-тармақшасында жазылған.

Жүктелуде...