Кинокәсіпке қауіп төніп тұр

Кинокәсіпке қауіп төніп тұр

ашық дереккөзі

Шектеу жалғасып, жеңілдіктер берілмесе, қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр боламыз. Жалпы кәсіптің сақталуы да екіталай боп тұр. Наурыздан бері жұмысы тоқтаған кинотеатр иелерінің айтқаны осы. Сол салада жүрген өзге де мамандардың жайы қиын. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды. КИНОТЕАТР ИЕЛЕРІНІҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРГЕ ЖОЛДАҒАН ХАТЫНАН ҮЗІНДІ: "Кинотеатрлар жабылатын болса, 5 000 қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Салаға қатысы бар өзге мекемелердің де жұмысы шектеліп, қазынаға төленер салыққа әсер етеді. Оның үстіне банктер алдында қарыз бар. Валютамен берілген кредиттерді де өтеу керек. Кинотеатр жұмысын шектеудің салдары ауыр болады". Бұл наурызда жолданған хат еді. Ол кезде төтенше жағдай, жалпы шектеулер қаншаға созылатыны белгісіз болатын. Ал, соңғы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі кинотеатрларға қатысты талапты әрі қарай да сақтау керектігін айтып, салада жүргендердің көңілін түсірді. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: "Необходимо сохранить запрет на все виды массовых мероприятии, работу развлекательных учреждении, кинотеатров, фуд-кортов, банкетных залов". "Мы подготовили специальную рассадку. С учетом социального дистанциирования. Которые требования сейчас существуют. Видите вот рассадка очень широкая. Гости могут спокойно сидеть". Елдегі ірі кинотеатрлар желісінің бірін басқарып отырған жігіт бұл. Наурыздан бері шамамен 3,5 млрд теңге шығынға баттық, дейді. Әне-міне ашылып қалармыз деген үмітпен залдарын әзірлеп қойған. Бизнесінің шатқаяқтап қалғанын мойындайды. Егер жалға берушілер ақы сұраса, залдарды жабу қаупі туындайды. Салықтық жеңілдік болмаса, 300 адамды әрі қарай ұстап тұру қиындайтынын айтады. БАҚЫТЖАН МҰСАТАЕВ, КИНОТЕАТР ЖЕЛІСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:     "Бізге қазір қызметкерлерді ұстап тұру қиынға соғып барады. 5 айдай ісіміз тоқтап тұр. Егер Үкімет салық жеңілдіктерін ұсынуды жалғастырмаса, біраз қызметкерді қысқартуға мәжбүр боламыз. Орынды жалға берушілерге де көп нәрсе байланысты. Өйткені ол жаққа да төлейтін ақы жоғары". Әлемдік прокат та тоқтап тұрған сәт. Бар үміт отандық киноөндірісте. 8 туынды түсіріліп дайын тұр. Яғни премьералары шегеріліп қалған кинолар. Продюссер Ернар Нұрғалиев наурыз кезінде жарыққа шығарған туындысын бір апта ғана көрсетіп үлгеріпті. Әйтеуір кеткен шығынымды өтеп алғаныма тәубә деп отыр. ЕРНАР НҰРҒАЛИЕВ, ПРОДЮСЕР: " Бір аптада өз ақшамызды шығарып алдық. Екінші аптада кішкене тоқтады бізде. 120 млн бір аптада. 50 процент кинотеатр, 50 проценті біздікі. Сол өзіміздің ақшаны шығарып алдық қой". "Ірі кинотеатрлармен бірге осындай кішігірім залдар да қызмет көрсетіп келген. Мәселен мына зал, шамамен 6-7 адамға арналған. Осындай кәсіп иелері санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істей аламыз дейді. Алайда әзірге рұқсат жоқ". Бірнеше қалада кинорум кәсібін дөңгелетіп отырған Айдын Жантилов кең зал емес, бөлек-бөлек бөлмелер болғандықтан, вирус жұқтыру қаупі төмен, дейді. Оның үстіне әдетте келетіндердің басым бөлігі бір отбасы мүшелері екен. Елордадағы ғимаратты жалға беруші ақы сұрамай жүр. Оның өзі жеңілдік екенін айтады. . АЙДЫН ЖАНТИЛОВ, КӘСІПКЕР: " Басқа қалаларда арендодателі кішкене қиындау болып тұр. Ол жерде 100 процент сохранение аренды дейді. Біз ол ситуациядан шығып, ақша тауып, бір жерде кредит алып, бір жерде біреуден ақша алып, шығып жатырмыз кішкене болса да. Тағы бір кішкене болса, біз уже официальный обращениемен шығамыз. Потому что болмайды уже. Дальше уже жұмыс істеу керек". Шынына келгенде, жартылай ашылған күннің өзінде кәсіпті бұрынғыдай ұстап тұру қиынға соғады дейді кинотеатр иелері. Бірақ мүлде жұмыссыз отырғаннан гөрі көрім болар еді деген пайымда.

Жүктелуде...