ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвильдің пікірінше, жаңа әдістеме қоғамдық денсаулық сақтау саласында іс-шаралар, медициналық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және олардың жүктемесі ауырлаған кездегі жұмыс істеу қабілеті сияқты медициналық-санитариялық шаралар негізінде нақты, уақытылы және стандартталған медициналық ақпарат ұсынудың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Биыл 13 наурыз бен 2 тамыз аралығында 92 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 1 058 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, биыл 1 қаңтардан 2 тамыз аралығында 256 541 азамат пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген науқастар саны 3,3 есеге артты (76 985 жағдай). Министрлік осы статистика негізінде пневмониядан болған өлім-жітімге анализ жасауда. Жыл басынан 4 042 адам пневмониядан көз жұмды, 2019 жылмен салыстырғанда қайғылы жағдай 1,9 есе өсті (2 033 жағдай). 13 наурыздан бастап науқастардың 67,4%, яғни 62 511 пациент жазылып шықты, соңғы тәулікте – 672 адам аурудан айыққан. Әсіресе Батыс Қазақстан (87%), Алматы (80%), Түркістан (79%), Қостанай (75%), Ақмола (73%), Маңғыстау (72%) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (73%) жазылып шыққандар саны көп. Қатаң карантиндік шектеулердің нәтижесінде республика бойынша (4,0-ден 1,6-ға дейін), сондай-ақ Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында тәулік ішінде тіркелген науқастар санының азайғаны байқалады."Бұл тәсіл дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз жиынында.