weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан: құрбандыққа 7 тонна ет таратылды

Түркістан: құрбандыққа 7 тонна ет таратылды

Түркістан: құрбандыққа 7 тонна ет таратылды
ашық дереккөзі
 width= Мұсылман үшін сауаптың үлкені - кісі көңілін жадырату. Бір кісі жымиса, он кісінің жүрегі жылиды. Сондықтан да, дін әр кісіні көркем мінезді болуға шақырады.  Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Сайрам ауданының бірқатар кәсіпкерлері қайырымды істен мол сауап алу мақсатында мыңнан астам отбасы мүшелеріне ізгілік танытты. Аудан көлемінде кешегі үш күн айтта Құрбан айт мерекесіне орай, 65 ірі қара, 178 ұсақ мал, яғни қой құрбандыққа шалынып, 1251 отбасыға ет таратылды. Олардың қатары аудандағы жалғыз ілікті қарттар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған, көмекке мұқтаж жандардан құралды. Еттен бөлек, 3,5 млн теңгенің азық-түлік себеттерін (ұн, май, күріш, қант және т.б) әзірлеген қайырымды жандар аталған отбасы мүшелеріне айттық таратып, игі шараға келе алмайтын отбасы мүшелеріне үйме-үй кіріп табыстады. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасаудан жарысып, нағыз мәрттік пен жомарттығын танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі.  
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→