3 Тамыз несімен ерекшеленеді ?

3 Тамыз несімен ерекшеленеді ?

ашық дереккөзі

Бүгін ұлттық қарбыз күні тойланады. Америкалықтар үшін жидектің бұл түрі жазғы пикниктердің ажырамас бөлігі болып саналады. Жыл өткен сайын бұл мерекеге деген қызығушылық артып келеді. Қарбыздың құрамындағы қанттың мөлшері бар болғаны - 6%, сондай-ақ қияр секілді 90% судан тұрады. Сондықтан диета ұстайтындар үшін қарбыз таптырмайтын тағам. Литвада қолөнер шеберлерінің күні. Бұл күні Литваның Друскининкай қаласының орталық алаңында суретшілер мен қолөнер шеберлері өздерінің жұмыстарын сатады. 3 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды; 1960 жылы Теміртаудағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды; 2001 жылы Қазақстанда Түркияның Бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.

Жүктелуде...