Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды
ашық дереккөзі

 Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Baq.kz порталына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растады. Ол бюджеттің қаржысын жымқырғаны үшін айыпталуда, - делінген хабарламада. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды Айта кетейік, Олжас Әбішев 2018 жылы вице-министр болып тағайындалды. Айта кетейік, Әбішев түрлі жылдары "Қазагромаркетинг" АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ, "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ, "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ, "Astana Innovations" АҚ, "Тұран Астана" университетінде, сондай-ақ, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" РМК бас директоры лауазымын атқарған.