Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», - дейді ол. Бұған дейін, Бағдат Қожахметов жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды. Сонымен қатар, Елімізде COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетіндігі айтылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді.