Сондай-ақ Малышева АҚШ-тың педиатрлар қауымдастығына сілтеме жасай отырып, балалармен әлеуметтік қашықтық сақтаудың да қажеттігі жоғын айтып отыр. Айта кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далаға маска тағуға міндеттелді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл норманың балаларға да қатысы барын айтты. Ол бетпердені барлық қоғамдық орындарда міндетті түрде тағу қажеттігін атап өтті."Америка Құрама Штаттарында маска киген екі баланың өлімі тіркелді. Балалардың тыныс алу жүйесі толық жетілмеген. Бұдан бөлек, олар ересек адамдарға ешқандай қауіп төндірмейді", - дейді тележүргізуші.