Алматы: періште іспеттес манекенді көпірге іліп кеткен

Алматы: періште іспеттес манекенді көпірге іліп кеткен

ашық дереккөзі

 width= 30 шілде күні кешке әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірде манекен ілулі тұрғандығы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бостандық аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, көпірден өткен адамдардан осы ақпарат туралы дабыл түскен.

"Патрульдік жасақ періште түріндегі манекеннің жаяу жүргіншілер жүретін жерден келіп ілінгендігі белгілі болды. Манекенді ілген екі жас жігіт екені анықталды, іс ашылды", - делінген Алматы қаласының ДП хабарламасында.
Тексеру жұмыстары кезінде олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, әрі қарай заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.
 

Жүктелуде...