Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.
«Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-деді Т. Варзилов.
Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саны артып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызмет көрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.