Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Жақыныңа жанашыр бол» республикалық акциясын қолдады

Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Жақыныңа жанашыр бол» республикалық акциясын қолдады

Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Жақыныңа жанашыр бол» республикалық акциясын қолдады
ашық дереккөзі
 width= Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері халықтың ең осал топтарына көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясы Елорданың балалар  және қарттар үйлерін қамтыды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.  Әскери қызметшілер жинаған қаражатқа антисептикалық заттар, санитайзерлер, дезинфекциялық ерітінділер, медициналық маскалар, қолғаптар, памперстер, ЖРВИ-ге қарсы дәрумендер мен препараттар сатып алынды.
 «Қорғаныс министрлігі осындай акцияны алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Көмекке шынымен мұқтаж, науқастанған балалары бар әскери қызметшілердің отбасына тұрақты түрде көмек пен қолдау көрсетіледі. Аталған акция Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылып, халықтың осал әлеуметтік топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Осылайша, біз отандастарымыздың көмегіне мұқтаж адамдардың проблемаларына назар аударғымыз келді. Мүмкіндігінше бір-біріне көмектесіп осындай жағдайлардан бей-жай қалмай осы акцияны қолдау үшін», - деп атап өтті аталған акцияға басшылық етіп барған ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.Дәндібаев.
Акция аясында Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері «Күміс ғасыр», «Шарапат орталығы» қарттар үйіне, «SOS» Балалар ауылына, Нұр-Сұлтан қаласының балаларды қолдау орталығына қолдан келгенше көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясы 395-тен астам адамды қамтыды, оның 80-і балалар. Төтенше жағдай мен карантиндік шаралар енгізілген сәттен бастап қазақстандықтар халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсете отырып, қайырымдылық акцияларына жиі қатысып келеді. Бүгінде олар, жалғыз басты қарт адамдар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Бүгінде олар өздерін жалғыз емес және ештеңеге мұқтаж емес екендігін сезіну үшін қолдан келгенше барлық жағдайлар жасалуда.
 «Короновирустық инфекцияны жұқтыру ең алдымен қарт адамдар үшін қаупті. Қазір карантиндік іс-шаралар кезінде біз оларды кез-келген байланыс пен келушілерден барынша қорғаймыз. Әрине, қарт жастағы адамдар оқшаулау режимін өте қиын қабылдайды. Сондықтан, әсіресе осындай пандемия кезінде оларға бөлінген кез-келген көңілге қуанады. Қарттар үйінің басшылығы мен қамқорлығындағылардың атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз», - деді «Күміс ғасыр» қарттар үйінің директоры А.Дүйсәлиева.