С. Рахманшеев: COVID-19 және пневмонияны емдеу үшін барлық препараттар жеткілікті

С. Рахманшеев: COVID-19 және пневмонияны емдеу үшін барлық препараттар жеткілікті

ашық дереккөзі

 width= Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы сұхбат барысында айтты,-деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Біз пневмониямен науқастанған адамдарды сәтті емдеудеміз, оған барлық қажетті препараттар мен медициналық қондырғылардың жеткілікті болуы кепілдік болып отыр», - деп атап өтті орталық директоры.
Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығының базасында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қабылдау үшін 350 төсек-орын дайындалған. Орталық директоры ағымдағы жылдың наурызынан стационардың бір жарым мыңнан астам (1800) адамды қабылдағанын, олардың ішінде 152 адамда диагноз расталып, басқа стационарлардың инфекциялық бөлімдерге жіберілгенін хабарлады. Негізінен аталған орталықта COVID-19, ассоциацияланған пневмониямен, өкпенің орташа ауыр және ауыр деңгейде қабынған науқастар барлық қажетті кешендік емдеуден өтеді.
 «Қажетті препараттар тізімі бойынша орталық ешқандай қиындықты сезіп отырған жоқ, олардың барлық көлемі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен бірге, орталық максималды көлемде респираторлық қолдау көрсетеді: ӨЖЖ, оттегі беру үшін Бобров аппараты», - деп хабарлады С.Рахменшеев.
Осылайша, науқастар ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылған, аурудың асқынуларын ескертетін шаралар кешенін қосқанда, клиникалық хаттамаға сәйкес, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, антикоагулянтты, сонымен бірге, оксигенотерапия қабылдайды.

Жүктелуде...