Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

42500 теңгенің жартысы берілетін болды

42500 теңгенің жартысы берілетін болды

42500 теңгенің жартысы берілетін болды
ашық дереккөзі
Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге берілетін болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  ҚазАқпаратпорталына сілтеме жасап. «Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату