Армения алаңдаулы: Түркия тікұшақтары Әзірбайжанға келді

Армения алаңдаулы: Түркия тікұшақтары Әзірбайжанға келді

ашық дереккөзі

 width= Түркия Әзірбайжанмен бірлескен жаттығу аясында Әзірбайжанның Нахичевань аймағына тікұшақтарын кіргізді. Т-129 АТАК тікұшақтары Иран, Армения, Түркия шекараларының түйіскен жерінде жаттығуды бастап кетті. Түркия тікұшақтары Әзірбайжан жеріне келе сала, атыс жаттығуларына көшкен. T-129 — тікұшағы Италияның AgustaWestland компаниясы мен Turkish Aerospace Industries (TAI) компанияларының бірлескен өнімі. Тікұшақ 270 шақырым жылдамдықпен ұшады. Заманауи талапқа сай пулемет, зымыран жіберу кешені және өзге де ату құрылғыларымен жабдықталған. Аталмыш жаттығуға Армения тарапы алаңдаушылық білдіріп, наразылық танытты.

Асхат Қасенғали

Жүктелуде...