Ерлан Тынымбайұлы Карин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, оны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатсын, - делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Карин Ерлан 1976 жылы 26 мамырда Ақсу ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Ақтөбедегі Жұбанов атындағы университетті тәмамдаған. Мамандығы бойынша - тарих және география мұғалімі.
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
Саясаттану кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері»