Қуанышты жаңалық: Медбикелер қуанғаннан би биледі

Қуанышты жаңалық: Медбикелер қуанғаннан би биледі

ашық дереккөзі

 width= "Індеттің беті қайтты!". Осылай деп сүйіншілеген медбикелердің әуесқой видеосы желіге тарап кетті. Бейнероликте қорғаныш костюмін киіп алған қос медбикенің көңілді әуенге билеп жатқанын байқауға болады. Видео авторы қыздардың бұл қылығына науқастар саны азайып, стационарлық кереуеттердің кемуі себеп болғанын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап  хабарлайды. «Е, Алла, аурудың беті қайтты, екі күннен бері түсіп жатқан ешкім жоқ. Біздің қыздар соған қуанып билеп жатыр». Желі қолданушылары да медициналық қызметкерлердің қуанышына қолдау білдіріп, тілектерін жаудырған. Осыған дейін Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында стационарлық орындардың күн санап кеміп жатқанын айтқан едік. Мамандар мұны вирус жұқтырып, ауруханаға түскендердің азаюымен байланыстыруда. https://www.youtube.com/watch?v=2sx9rIr7aOk

Жүктелуде...