Ақтауда азғындық жасағысы келген педофил ұсталды (ВИДЕО)

Ақтауда азғындық жасағысы келген педофил ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

 width= Ақтауда полиция азғындық жасағысы келген ер адамды ұстады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға сәрсенбі, сағат 13.00-де болған, деп хабарлайды инАктау.

Куәгерлер ер адам бүлдіршінді балалар алаңынан алып кеткенін айтты. Арам ойын жүзеге асыруға көршілер кедергі болған. Ол оқиға орнынан ізін суытпақ болды. Алайда тұрғындардың бірі қуып жетіп, полиция келгенше ұстап тұрды. Құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Полиция бөліміне шамамен 13.00-де аулалардың бірінде ер адам кішкентай қызды ертіп алып кеткені туралы хабарланды.
"Бұдан соң ер адам қызды үйдің кіреберісіне алып барып, азғындық жасамақ болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Күдікті ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес (жас балаға зорлық-зомбылық көрсетпей азғындық жасауға) іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Жүктелуде...