Covid-19: Қазақстан Қытайдан озып кетті

Covid-19: Қазақстан Қытайдан озып кетті

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды. Көрсеткіштер COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жарияланған ресми мәліметте көрсетілген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, Қытайда 87 457 адамда коронавирус расталған. Ал Джона Хопкинс университеті жариялаған ақпаратта көрші елде 87 114 COVID-19 жұқтырғаны айтылған. Соңғы тәулікте Қазақстанда 1 472 адамда коронавирус расталды. Оның ішінде:

  • симптомды - 828,
  • симптомсыз - 644.
Ең көбі астанада (226), Шығыс Қазақстан облысында (211) және Алматыда (208). Барлығы елде 87 664 адамда ковид расталды. Оның 57 815-і жазылып шықты, 793 адам қайтыс болды. Қазақстанда 5 шілде - 2 тамыз аралығында карантин енгізілген болатын. Сәрсенбі күні президент карантин шараларын тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды.  

Жүктелуде...