weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жолаушылардың билет ақысы қайтарылады

Жолаушылардың билет ақысы қайтарылады

Жолаушылардың билет ақысы қайтарылады
ашық дереккөзі
Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек. Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпаниялары клиенттерге елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтарады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. «Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Bek Air-дан бөлек, SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпанияларымен төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстердің ақшасын қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда комитет ұшақ билетінің ақшасы қайтарылмаған адамдардың тізімін жасап жатыр», – делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтара алмаған қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуы керек. Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→