weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Карантин режимін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

Карантин режимін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

Карантин режимін сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды
ашық дереккөзі
 width= Алматыда карантин нормаларын сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап  хабарлайды. Қалада гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінен арнайы мониторинг жүргізетін топтар құрылды.

"5 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды. Оның ішінде 90 адам өткен тәулікте анықталды", - делінген ақпаратта.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғындары көп келетін орындар, қызмет көрсету, тамақтану орындары үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар санитар дәрігердің талаптарына қайшы қызмет көрсететін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.  
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→