Қасым-Жомарт Тоқаевтың фейсбукте фейк аккаунты пайда болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың фейсбукте фейк аккаунты пайда болды

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде президенттің атынан ашылған фб парақшасында "коронавирус індеті кезінде халықты қолдау үшін" ақшалай ұтыс жүргізіп отырғаны анықталған,- деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Ол үшін желі қолданушылары өз есімінің бастапқы әріпін жолдап, репост жасауы керек.

"Үйден өтінім жіберіп, 10 минут ішінде сыйлық аламыз, біз оны адамдарға көмектесу үшін жариялаймыз, өйткені CORONA вирусының өршуі көптеген адамдардың жұмысына кедергі келтірді. Сіздің атыңыздың бірінші әрпін таңдаңыз, сонда сіздің таңдауыңыз бойынша сыйлық аласыз", -деп жазылған хабарламада.
Жазба онлайн сөздікпен аударылғанын орфографиялық және стилистикалық қателерінен байқауға болады. Хабарлама 100 репост пен 1000 комментарийлер жинап үлгерген. Бұл жалған парақшаның президентке ешқандай қатысы жоқ. Фейк парақша 2017 жылы азиат қыздың суретімен ашылған. Ал 2020 жылдың 13 шілдесінде «Kasym-Jmart TokyevI» деп өзгертілген. Сондай-ақ біраз минуттан соң қаржы төлеу туралы жазба жарияланған. Мұндай алаяқтық ғаламторда кеңінен таралған. Желі қолданушысы қаржылай ұтыс туралы хабарлама алады, оған жеңімпаз ретінде картасын жолдауды сұрайды. Біраз уақыттан соң, алаяқ әлгі адамның шотын түксіз қалдырады.

Жүктелуде...