Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асады

Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асады

Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асады
ашық дереккөзі
 width= Биыл күн шыққан соң, бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады,-деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтында өткен онлайн-брифинг барысында айтты, Шектелген карантиндік шараларға байланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандық етін таратуға болмайды.
"Құрбандыққа шалынатын ет алуға жүгінетіндердің барлығы мешіттерге келмеуі керек. Құрбандық етін тарату арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асырылады және мұқтаж үйлерге жеткізіледі" , - деді Данияр Жұмабаев.
Имам карантин талабын орындау үшін мерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде де өткізілмейді, деді. Еске салайық, құрбан шалу рәсімі -  мұқтаж азаматтардың ет сатып алуға өтініш беруі Qurban2020.kz сайтында 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.