Әлеуметтік желіні шулатқан Сарысулық полиция басшысы қызметінен қуылды

Әлеуметтік желіні шулатқан Сарысулық полиция басшысы қызметінен қуылды

ашық дереккөзі

 width= Қарамағындағы тәртіп сақшыларын сабаған сарысулық полиция бөлімінің басшысы қызметінен кетті. Бұл ақпаратта Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебақылау камерасынан алынған кадрлар бүкіл қазнетті шулатты. Видеоның бірінде азаматтық киіммен жүрген басшы тәртіп сақшыларын желкеден түйіп өткені көрініп тұр, деп хабарлады "Астана" арнасы. Екінші видеода сол бастық тағы бір қызметкердің бетінен ұрған. Соққыдан қызметкердің қалпағы жерге ұшып түсіпті. Әлеуметтік желі арқылы тараған материалға қатысты облыстық полиция департаменті ішкі тергеу жүргізген. Нәтижесінде қарамағындағыларға қол жұмсаған Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуаныш Бекхожаев екені белгілі болды. "Оқиға биыл 4-маусымда Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған. Аталған дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев орнын босатты", - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Жүктелуде...