Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өсімі - 14,7 млрд

Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өсімі - 14,7 млрд

ашық дереккөзі

 width= Шымкент қаласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Ауыл шаруашығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Басқарма мамандарының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан. Өндірілген өнім көлемінің ішінде егін шаруашылығы 1,6 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 12 млрд. теңгеге жеткен. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 217,3 млн. теңге бөлініп, 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді. Есеп беру кезеңінде оның 992,3 млн. теңгесі игерілген. Айта кетейік, ағымдағы жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс жасаған.  

Жүктелуде...