Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Екі апта бұрын қызметінен босатылған Байғабылов өз жұмысына қайта кірісті

Екі апта бұрын қызметінен босатылған Байғабылов өз жұмысына қайта кірісті

Екі апта бұрын қызметінен босатылған Байғабылов өз жұмысына қайта кірісті
ашық дереккөзі
 width= Сәдуақас Байғабылов елордадағы қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы  zakon.kz.сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

- Кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтар құрамының (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) Атырау облысындағы миссиясы орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру, аймақтағы шектеу талаптарын сақтау маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметімді жалғастырамын, - деп жазды ол facebook-те.

13 шілдеде Сәдуақас Байғабыловтың Атырау облысының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалғаны белгілі болды. Ол кезде өңірдегі коронавирусқа байланысты жағдайы өте күрделі болатын. Оның айтуынша, екі апта ішінде олар аймақтағы COVID-19-бен байланысты жағдайды түзетуге барынша тырысты.

- Нәтижесін біз бүгін көріп отырмыз. Қазір Нұр-Сұлтанда Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің бастығы - Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде жұмысымды жалғастырудамын, - деп сөзін түйіндеді ол.