Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тоқаев: халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіңдер

Тоқаев: халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіңдер

Тоқаев: халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіңдер
ашық дереккөзі
 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге ахуалды қатаң бақылауда ұстап, карантин шараларын сақтаудың маңыздылығы мен халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. "Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Әкімдердің айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. "Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды", - деді Уәли.