1890 жылдары Детройттағы бір электротехникалық компанияда аптасына $11 жалақыға бір жас механик жұмыс істеді...
Зауытта 10 сағат жұмыс істеп келіп, кешке өз үйінде түнімен темір-терсек шұқылайтын әлгі жігітті көршілері сыртынан "есуас" деп күлетін..
Ал жігіттің арманы мотордың жаңа түрін жасап шығару еді.
"Бекер әуре болғанға болатын тірлік істесейші", деп жігіттің әкесі де күңкілдейтін...
Тек қана жігіттің келіншегі ғана еріне сенетін.
Ол жұмыс істеп жатқанда кейде түнімен майшам ұстап тұрған кездері болды...
Жігіт алған бетінен қайтпай жұмысын жалғастыра берді...
Қысқы аяздарда суық қорада тісі-тісіне тимей қалшылдап тоңса да, бетінен қайтпады..
Бір күні көршілер әлгі есуас атсыз арбамен келіншегін жанына отырғызып алып қақпасынан шығып көшеге түскенін көріп көздері тас төбелеріне шықты.
Бұл Генри Форд еді.
Көп жылдар өтті. Генри Форд әлемдегі ең бай адамдардың біріне айналды.
Сол кезде бір журналист:
- Сіз механик болмағанда басқа қандай кәсіп таңдар едіңіз? - деп сұрады.
- Мен кім болсам да, маған бәрібір еді. Тек әйелім жанымда болса болғаны! - деп жауап берді миллионер.
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ