Ешкімге есеп бермейтін Әсемнен неге үлгі алмаймыз?

Ешкімге есеп бермейтін Әсемнен неге үлгі алмаймыз?

ашық дереккөзі

 width= Күнделікті таңертеңгілік серуенде жүріп, велигіммен теңіз жағасына барсам бір қыз бала көлігін қаңтарып қойып, қолына қап ұстап, жұрттың тастаған баклажка, шөлмек, целлофан, памперс басқа да түрлі пластик құтыларды теріп жүр екен. Бұл туралы Уайс Ерсайынұлы өз парақшасында жазды. Қарап тұрмай, қолыма мен де екі-үш қап алып, қай мақсатпен, неғып жүрген жансың, қандай ұйымнансың деп жөн сұрамаймын ба. Бұл- жүрек қалауымен осылай қоқыс теріп, ту 25 шақырымдағы Ақтаудан келіп, тазалыққа шығып жүрген Әсем деген волонтер қыз екен.  width=

"Ешқандай ұйымда жасамаймын, ешкімге есеп бермеймін, ешкіммен суретке түспеймін, ешқандай хайптың керегі жоқ, жылына бірнеше рет осылай шығып, қоқыс жинаймын, көлігіммен апарып, қоқыс полигонына тапсырамын",- дейді Әсем.
Міне, саған батыр керек болса! Неге біз осы... айналасын бүлдіріп, ішіп-жеп болғасын, тамақ қалдықтары мен қоқыстарын отырған жеріне тастап кететіндерді айуан деп, адам деген ардақты атқа лайық деп осы Әсемдерді айтпаймыз! Үлгі алайық! Ойланайық!

Жүктелуде...